Әдеби кеш «Жыр арқауы – Тәуелсіздік»

2022 жылдың 14 желтоқсаны Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында «Жыр арқауы – Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Әдеби кешке «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов; ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы; ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері Аманжол Зағыпар қатысып, тәуелсіздікке қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өлеңдерін оқыды.
С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің студенті Тайжан Нұрсұлтан тыңдаушылардың құлақ құрышын қандыра қазақтың күйлерін орындады. Тыңдаушылардың арасынан өнерлі жастар да өз лебіздерін білдіріп, жыр жолдарын оқыды.
Шараға қатысушылар «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің мекені» атты кітап көрмесімен танысты.
Әдеби-музыкалық кешке ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанттары, СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің және СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.