Дары библиотеке

Марзатай Жолдасбеков. 1 том. Асыл арналар
Жолдасбеков, Мырзатай. [Шығармалар жинағы] [Мәтін] : [жеті томдық] / М. Жолдасбекұлы. – Астана : Күлтегін, 2012. – ISBN 978-601-7318-11-6. 1-ші том. Асыл арналар : Зерттеулер. Мақалар. – 344 б. – ISBN 978-601-7318-12-3.
Аннотация: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог ғылым, ұлағатты ұстаз, Төтенше және Өкілетті елші, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары мектеп ғылымдары академиясының академигі Мырзатай Жолдасбековтың жеті томдық шығармалар жинағының бірінші томына 1986 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан, ғылыми ортада жоғары бағаланып, елге кеңінен тараған «Асыл арналар» еңбегі енгізіліп отыр. Мұнда ғылымның қазақ әдебиетінің тарихын тұрастай 12 ғасырға терендеткен ежелгі әдеби ескерткіштер жайындағы зерттеулері, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, І. Жансүгіров, Ә. Марғұлан және Жамбыл, Кенен творчестволары жайлы кең толғамды мақалалары қамтылған. Кітап зерттеуші-ғалымдарға, филолог-ұстаздарға, магистранттар мен студенттерге, туған әдебиет тарихын білгісі келген жалпы оқырмандарға арналған.
Елтұтқа
Елтұтқа [Мәтін] : ел тарихының әйгілі тұлғалары / [құраст.: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек] ; ҚР білім және ғылым Министрлігі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық ун-ті. – Астана : Күлтегін, 2012. – 296 б. : сурет. - 2 200 дана. – ISBN 978-601-7318-33-8.
Аннотация: Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы мүмкіндігі – тәуелсіздік жемістерінің бірі. Президент Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен, премьер-министрдің орынбасары И. Н. Тасмағамбетовтың тікелей араласуымен Түрк қағанатының әйгілі батыры Күлтегін құрметіне орнатылған тас ұстынның тұңғыш рет жасалған көшірмесі қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында тұр. Біріншіатриумда киелі тас ұстынның мазмұнынашатын жайым (экспозиция) жасақталған. солардың ішінде дарынды суретші Нұржан Қарымсаковтың қолынан шыққан «Елтұтқа», «Алтын адам» атты көлемді паннолар да бар. Бұл панноларда екі жарым мың жыл аясы қамтылып, ел тарихының 150-ге әйгілі тұлғалары бейнеленген. Қолымыздағы кітапта сол тарихи тұлғалар туралы ғалыми мағлұмат берілген. «Елтұтқа» кітабы Отан тарихына ден қойған көпшілік қауымға, студенттер мен оқушыларға, атаөбаба рухына тәу ететін әрбір ұлт жанды оқырманға арналған.
Кіндігімді кескен жұрт
Кіндігімді кескен жұрт. (Елдік жыры) [Мәтін] / [құраст.: М. Жолдасбеков, Ш№ Қолыбаев] ; ҚР білім және ғылым Министрлігі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық ун-ті. – Астана : Күлтегін, 2012. – 216 б. - 2 200 дана. – ISBN 978-601-7318-34-5.
Аннотация: Жинаққа ғасырлар тереңінен бүгінге дейінгі қазақ жырының жас ұрпақты елдікке, Отанды сүюге, ата дәстүрін ардақтауға баулитын інжу-маржандары іріктеліп алынды. Кітап мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысып жүрген өзге де мамандарға, қалың оқырман қауымға арналған.
Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы
Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы [Мәтін] : филол. фак. студ. арналады / [құраст.: Б. Кенжебаев, Х. Сүйінішәлиев, М. Жолдасбеков]. – Астана : Күлтегін, 2012. – 240 б. - 1 000 дана. – ISBN 978-601-7318-10-9.
Аннотация: Кітаптың «Орхон жазуларындағы өлең, жырлар», «XIII-XIV ғасырлардағы дастандар» бөлімін Мырзатай Жолдасбеков; «Сөздіктердегі мақал- мәтел, жұмбақтар», «Түрлі қолжазбалар мен кітаптардан үзінділер» белімін – Асан, Сыпыра, Қобылан, Жанақ, Мәделі қожа, Орынбай, Тәтіқара толғауларын – Бейсенбай Кенжебаев пен Ханғали Сүйінішәлиев; Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Есет, Көтеш, Шал, Бұхар, Жанкісі жырларын Мұхтар Мағауин; Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай жырларын Қабибола Садиқов жинастырып, баспаға дайындады.
Мырзатай Жолдасбеков. Дүние шіркін…
Жолдасбеков, Мырзатай. Дүние шіркін... [Мәтін] : партитуралар жинағы / М. Жолдасбеков. – Астана : Фолиант, 2017. – 288 б. : нот. - 2 000 дана. – ISBN 978-601-302-637-4.
Аннотация: Көрнекті мемлекет қайраткері, түрколог ғалым, руханият жанашыры Марзатай Жолдасбековтің толғаныстан, терең тебіреністен туған біршама әндері мен күйлері бар. Автор шығармалары адам баласының өмірге деген махаббатын, сүйінші мен күйіншін, ынтызарлығы мен іңкәрлігін тәтті сағынышқа ұластырып, жүрек қылын қозғайды. Кітап өнерсүйер қауымға, музыкатанушы мамандар мен жалпы көпшілікке арналған.
Қазіргі айтыс. Екінші кітап
Қазіргі айтыс [Мәтін] / [ред. алқасы: Қ. Салғараұлы, Р. Нұрғали А. Сейдімбек [ж. б.]]. – Астана : Күлтегін, 2005. – 2 000 дана. – ISBN 9965-642-03-6. 2-ші кітап. / [құраст.: Н. Айтұл, С. Дүйсенғазин]. – 336 б. – ISBN 9965-642-05-2.
Аннотация: Екінші кітабына Республикалық және Халықаралық деңгейде өткен айтыстар іріктеліп енгізілді. Тәуелсіздік жылдарындағы ел тынысын еркін жырлаған бұл айтыстар сөз өнері қазынасын байыта түсері сөзсіз.
Қазіргі айтыс. Бірінші кітап
Қазіргі айтыс [Мәтін] / [ред. алқасы: Қ. Салғараұлы, Р. Нұрғали А. Сейдімбек [ж. б.]]. – Астана : Күлтегін, 2005. – 2 000 дана. – ISBN 9965-642-03-6. 1-ші кітап. / [құраст.: И. Нұразметұлы, С. Дүйсенғазин]. – 311 б. – ISBN 9965-642-04-4.
Аннотация: Айтыстың бірінші кітабына соңғы он бес жыл көлемінде Республикалық және Жалықаралық деңгейдегі өткен айтыстар еңгізіліп отыр. Ел Тәуелсіздігін, ұлттық рухты жырға қосқан бұл айтыстарды қалың оқырман қауым жылы қабылдайды деп сенеміз.
Бекасыл әулие
Қалдыбай Мамытбек. Бекасыл Әулие [Мәтін] : тарихи-ғұмырнамалық хикаят / М. Қалдыбай. – Астана : Елорда, 2006. – 247 б. – 1 000 дана. – ISBN 9965-06-039-8.
Аннотация: «Бекасыл әулие» жазушы Мамытбек Қалдыбайдың баспадан жарық көріп отырған он бірінші кітабы. Қаламгердің жаңа туындысында XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан өнірінде өмір сүріп, ұлы әз Төле биден кейін әділет, адамгершілік туын құлатпай биік ұстаған, сахара ғұламасы аталған Бекасыл әулиенің ерлікке, ізгілікке толы іс-әрекеттері, рухани өсу, қалыптасу, ел ағасы болу жолындағы жан дүниесі бейнеленген. Сондай-ақ, кітаптан оқырман қауым Абылай хан, әз Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Сырым, Сыпатай батыр, Бөлтірік, Жетес, Байдалы, шешен секілді басқа да ұлыларымыздың жұртқа беймәлім сөздерімен де танысады. Кітап тілі көркем, оқиғасы тың, шәжіре-дерекке бай.
Илья Жақанов. Дүние шіркін…
Жақанов, Илья. Дүние шіркін... [Мәтін] : [эссе-элегия] / И. Жақанов. – Астана : Күлтегін, 2016. – 160 б. : сурет. – 2 000 дана. – ISBN 978-601-7318-68-0.
Аннотация: Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, белгі композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақановтың бұл эссе-элегиясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог ғалым Мырзатай Жодасбеков шығармашылығының бір қыры – композиторлық өнері жан жақты баяндалады. Адам жүрегіне жаңылмай жол табатын әндер мен күйлердің шығу баяны әңгімеленеді. Еңбек көпшілік оқырман қауымға арналған.
Абылай ханның қамқа тоны және Байдалы би
Абылай ханның қамқа тоны және Байдалы би [Мәтін] / [құраст. А. Сейдімбек] ; ҚР Президенттік мәдениет орталығы, Л. Н Гумилев ат. Еуразия Ұлттық ун-ті. – Астана : Күлтегін, 2007. – 176 б. : сурет. – 10 000 дана. – ISBN 9965-642-18-4.
Аннотация: Президенттік мәдениет орталық қорына жинақталған тарихи мұралардың ішіндегі айрықша қастерлі мүліктердің бірі – Абылай ханның қамқа тоны. Кітапта осы қамқа тонның бүгінгі күнге қалай жеткені туралы нақтылы тарихи айғақ-деректер келтірілген. Сондай-ақ, Абылай ханның қадірлес замандасы Байдалы бидің шешендік-билік сөздері де алғаш рет жинақталып беріліп отыр. Кітап ел мен жер тарихына ден қойған оқырман қауымға арналған.
Шашубай Молдыбаев. Есте жүрген есімдер
Малдыбаев, Шашубай. Есте жүрген есімдер [Мәтін] : естеліктер / Ш. Малдыбаев. – Алматы : [Баспасыз], 2019. – 193 б. : сурет.
Аннотация: «Есте жүрген есімдер» - жинақтын аты айтып тұрғандай бұл еңбекке қаламгер Шашубай Малдыбаевтың жерлестері жайлы, өзі сұбхаттасқан қазақтың белгілі тұлғалары туралы естеліктері еніп отыр. Шығармалар әр жылдары жазылғандықтан көркемдігі де, автордың ой толғамы да сан қырлы. Сол кезеңнін ахуалы, тұрмыс – тіршіліктің ақиқаты айтылады. Есімдері ел есінде қалған Есіл өрінің тау тұлғалы азаматтары өмірінен қызықты деректер тілге тиек етілген. Автор қарапайым тілмен өз кейіпкерлері жайында көңілге қонымды етіп жеткізе алған. Солтүстікқазақстандық оқырмандар қауымы үшін танымал жандар туралы көптеген мағлұматтар алуға мол мүмкіндік туындап отыр. Еліне еңбегі сіңген есімдердің есте жүргені қандай ғанибет! Жинақ автордың 70 жасқа толуына орай жарық көрді.
Сара Баязит. Лабиринты души
Баязит, Сара Бажкенова. Лабиринты души [Текст] : [стихотворения] / С. Б. Баязит. – Алматы : Тамыр, 2019. – 88 с. – 100 экз. – ISBN 978-601-06-5976-6.
Аннотация: За многомерностью и гибким стилем поэзии Сары Баязит стоит её человеческая философия, которая близка каждому. Секрет прост – её стихи заставляют думать! Хотя, наверное, это не просто – в коротких двустишьях передать глубину мысли, чувств, переживаний. Взывая к душе и сердцу, Саре Баязит удаётся дотронуться до самых сокровенных уголков. Поэтому её стихи, безусловно, достойны внимания и актуальны, хотя бы потому, что своей свежестью и даже нескладностью они очищают душу. Избранный ею стиль образной и лёгкой с виду, восточной поэзии привлекает живым и теплым словом. Словом, которое несёт свет и лечит.
Близкие люди
Филонов К. Близкие люди [Текст] : рассказы и повести / К. Филонов. - Петропавловск : [Северный Казахстан], 2018. - 216 с. : 1 л. портр., ил. - ISBN 978-601-7958-06-0.
Аннотация: В книге "Близкие люди" автор рассказывает о своих современниках: простых людях, ищущих себя в современной жизни, оказавшихся чужими в мире чистогана и наживы.
Оссовские герба Долэнга. XVII-XXI вв.
Ефремова Ю. Н. Оссовские герба Долэнга. XVII-XXI вв. [Текст] / Ю. Н. Ефремова, А. В. Оссовский ; Генеалог. центр "Связь поколений". - Омск : Золотой тираж, 2019. - 502 с. : ил., фото., карт. - Геогр. указ.: с. 485-490. - Имен. указ.: с. 491-497. - 300 экз. - 978-5-8042-0619-3.
Аннотация: Книга повествует о жизни и судьбе старинного дворянского рода Оссовских герба Долэнга. Представители рода (шляхта Брестского воеводства), проживающие в XVII-XVIII веках территории Великого княжества Литовского, вскоре после раздела Речи Посполитой оказались подданными Российской империи. Подтвердив свое дворянство в Российской империи, в XIX веке стали жителями Гродненской губернии, но вскоре переселились в Минскую. Находясь на службе государства, члены семьи Оссовских часто меняли место жительства, переселяясь из одного города в другой: Кобрин, Игумен, Слуцк, Пинск, Томск, Курган, Оренбург, Каркаралинск, Петропавловск, Омск, Москва и другие. Но переселения не всегда проходили добровольно... Читатель пойдет вместе с Оссовскими дорогами гонений, ссылок и репрессий, познакомится с их предками через погружения в архивные исследования и обязательно задумается о своих корнях. Книга предназначена для широкого круга читателей.
Из истории депортаций. Казахстан. 1939-1945 гг.
Из истории депортаций. Казахстан. 1939-1945 гг. [Текст] : сб. док. / [сост.: Ж. Т. Байкаш, Е. М. Грибанова, М. Т. Жылгелдинов [и др.] ; под общ. ред. Д. Ю. Абдукадыровой ; ред. кол.: К. Ш. Алимгазинов, Х. М. Абжанов, Б. Г. Аяган [и др.]] ; Ассамблея народа Казахстана, Архив Президента РК. - Алматы : Lem, 2019. Т. 3. - 708 с. : табл. - Имен. указ.: с. 614-644. - Геогр. указ.: с. 645-656. - Предм.-темат. указ.: с. 657-659. - Список ранее опубл. док.: с. 680-703. - Список опубл. фото.: с. 704. - 1 000 экз. - ISBN978-601-239-548-8.
Аннотация: В сборнике публикуются документы и воспоминания о насильственном переселении в Казахстан в 1939-1945 гг. поляков, немцев, финнов, греков, итальянцев, калмыков, чеченцев, ингушей, балкарцев, крымских татар, турков, курдов, армян. В издании представлены как документы, узаконившие компании по депортации различных групп населения, так и директивы, отчеты, справки, письма, свидетельствующие о работе руководства Республики о расселении, трудовом и хозяйственно-трудовом устройстве огромных масс людей в чуждой для них географической, языковой, конфессиональной среде. Публикуемые сведения свидетельствуют о том, что Победа в Великой Отечественной войне досталась ценой усилий всего народа огромной страны, в том числе и тех, кого власть незаслуженно лишила части гражданских прав, не оценила их воинские заслуги, искусственно поставила в худшие условия труда и жизни. Документы отражают неоценимый по значимости опыт людей разных национальностей в умении достигать взаимопонимания ценой самоограничения, опыт любви, поддержки, уважения, опыт сохранения исторической памяти. Издание дополнено развернутым научно-справочным аппаратом, ориентированно на специалистов по проблеме, источниковедов и исследователей истории ХХ в. Публикуемые архивные документы будут интересны всем тем, кто интересуется историей Казахстана в советский период.