Дайрабай Нұрғожаұлы

ДАЙРАБАЙ Нұрғожаұлы (1823, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Рузаев кеңшары — 1893, сонда) — халық композиторы. Д-ның шығарм. ұмтылысы мен эстетик. көзқарастарының қалыптасуына оның сол заманның атақты ақындарымен және композиторларымен (Біржан сал, Сегіз сері, Нияз сері, т.б.) тығыз шығарм. байланыс жасауы үлкен әсер етті. Оның шығармаларының ішіндегі “Дайрабай” күйі ерекше маңызды орын алады. Көпшілікке танымал күйлері: “Көк қаршыға”, “Кер бала”, “Қара нар”, “Қожық”, т.б. Д-ның шығармаларын алғаш орындаушы әрі халық арасында таратушы — Қазақ КСР Халық әртісі М.Хамзин. ‘”Дайрабай” күйінің негізінде Е.Рахмадиев осы аттас симфониялық поэма жазды (1963). Бұл күй Құрманғазы атынд. Қазақтын акад. мемл. халық аспаптар оркестрінің репертуарына енгізілді.