ДӘУЛЕТБАЕВ Мәжит (Ғабділмәжит) Боранбайұлы (1896, Петропавл қ. — 1938, Алматы) — жазушы, ақын, драматург. 1904—12 ж. медреседе оқыған. Татар. араб және орыс тілдерін меңгерген. 1918—20 ж. ауылдық мектепте мұғалім. 1921—22 ж. Петропавлдегі “Бостандық туы” газетінің әдеби қызметкері, 1922-24 ж. Мәскеудегі КУТВ-да оқыған. 1920 жылдардан бастап Д-тың өлеңдері, очерктері, фельетондары, сын мақалалары “Қызыл Қазақстан”, “Еңбекші Қазақ”, “Бостанлық туы”, т.б. журналдар мен газеттердің беттерінде жариялана бастады. 1923 ж. өлеңдерінің алғашқы жинағы, кейін “Шын жүректен” (1923), “Толқын жетегінде” (1933), “Социализм туралы поэма” (1933) жинақтары жарық көрді. Драматургия жанрында да еңбек етіп, “Сұрпақбай” комедиясын жазды. 1933 ж. “Партизан Алпысбай” атгы повесі. 1935 ж. “Партизандар” атты кітабы қазақ және орыс тіддерінде жарық көрді. “Қызылжар” роман-трилогиясының бірінші кітабы 1935 жылы жарық көріп. 2- және 3-кітаптары аяқталмай қалды. Д. көркем шығарматарды аударумен айналысқан. Ол У.Шекспирдің “Гамлет” (1927), Э-М.Ремарктың “На западном фронте без перемен” романын (1930), Н.В.Гогольдің “Үйлену” (1929), Г.Серебряковтың “Маркстың жастық шағы” (1934), А.Сера-фимовичтің “Соғыс” (1935), “Мыс саятатты” поэмасын және А.С. Пушкиннің бірнеше өлеңдерін аударған.
К. Мұхаметханов