Черкасов Петр Александрович

ЧЕРКАСОВ Петр Александрович (1926, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Ново- Никольский а.) – ғалым, геогр. ғыл. докт. (1992). ҚазМУ-ды бітірген (1955). 1955-58 ж. Қазақ КСР ҒА География бөлімінің аспиранты, 1958-94 ж. ҚР Білім және ғылым мин. География ин-тының аға ғыл. қызметкері, бас ғыл. қызметкері, гляциология лаб-ының жетекшісі. 1995 жылдан осы ин-ттың гляциология лаб-ының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 9 монографияның авторы. 2 орденмен және медалдермен марапатталған.