Чеботарев Василий Михайлович

ЧЕБОТАРЕВ Василий Михайлович (25.6.1918, Солт. Қазақстан обл. Целинный ауд. Гаврилов с. – 1944) – Кеңес Одағының Батыры (1945, қаза тапқаннан кейін), ұжымшарда тракторшы, Ақмола обл-ндағы кен орнында ұңғымашы болып жұмыс істеген. 1938 ж. Қызыл Армия қатарына алынған. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға 1941 жылдың тамыз айынан бастап қатысқан. Гвардия лейтенанты, З-Белорусь майданының 3-гвардиялық танк корпусы танк бригадасының “Смерш” қарсыбарлау бөлімінің жедел өкілетті қызметкері болған. Жекпе-жек айқаста қаза тапқан. Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Батырдың есімі Рузаев және Гаврилов ауылдарындағы мектептерге және көшеге берілген. Минск обл. Бобр кентінде Ч-қа ескерткіш орнатылған. Минск қ-нда Ч. атындағы көшеде өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатьпған.