Блаватник Леонард Валентинович

 БЛАВАТНИК Леонард Валентинович, Лен (14.6.1957) — Петропавл қ-ның құрметті азаматы, компьютерлік ғылымдардың докторы. Гарвард бизнес-мектебін (МВА), Колумбия ун-тін. Мәскеу көлік инженерлері ин-тын бітірген. “Эксесс Индастриз, Инк” — дербес инвестициялық компаниясының (1986) негізін салушы әрі президенті. «Access Industries (Eurasia), LLC”, “Energi Bolaget I Sverige АВ» директорлар кеңесінің төрағасы. “СУАЛ-Холдинг”, “Сібір-Орат алюминий компаниясы” ААҚ компанияларын басқарушы директорлар кеңесінің мүшесі, Ресей-Американ бірлескен “Ренова” инвестидиялық кәсіпорнының басты әріптестерінің бірі (1991), “Связьинвест” ААҚ-ның дербес акционері. Кембридж ун-тіндегі Халықаралық бизнес және басқару орталығы Бақылаушылар кеңесінің және Гарвард ун-ті Бизнес мектебі кеңесінің. Нью-Йорктегі ” “Eurasia Group” директорлар кеңесінің мүшесі. Вашингтон қ-ндағы (АҚШ) Woodrow Wilson орталығының Kennan Council вице-төрағасы.