Кітапхана өз оқырмандары туралы карантин кезінде де ұмытпайды

Кітапхана өз оқырмандары туралы карантин кезінде де ұмытпайды, біз өз әлеуметтік желілерімізде Онлайн форматында әртүрлі шаралар өткізудеміз.

Оқырмандарға қызмет көрсетуге шек қойылған кезде библиограф қызметкерлер қала тұрғындарына қорда бар кітаптар туралы кеңестер береді.

Виртуалды анықтамалық қызмет оқырмандардың сұраныстарына байланысты қажет ақпарат береді.

Құжаттарды электронды жеткізу қызметі оқу мақсатында сұранған кітаптар мен құжаттардың фрагменттерін сканерлеп, жеткізуге мүмкіндік береді. Тапсырыс сілтеме https://skolib.kz/zapros-na-jelektronnuju-dostavku-dokumentov/ бойынша рәсімделеді.

Бізде Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына және де т.б. арналған шаралар жоспарланған.

Күн сайын сайтта https://skolib.kz/ электронды кітаптар топтамасы, виртуалды экскурсиялар мен театрлар және кинотеатрлардан тікелей трансляциялар көрсетілген пайдалы мақалалар, өткен шаралар негізінде материалдар жарияланады. Сонымен қатар сайтта 3D-моделдеу, бағдарламалау және т.б. бойынша онлайн-дәрістер табуға болады.

Міне осылай біз 2020 ж.17 наурызынан 14 сәуіріне дейін осындай жұмыс атқардық.