ӘБЕТОВ Ғали Темірболатұлы (7.2.1922, СҚО қазіргі Аққайың ауд. Қарағайлы а. — 18. 2. 1976. Алматы қ.) — ғалым. әдебиеттанушы, библиограф, филология ғыл. канд. (1960). Абай атынд. ҚазПИ-ды (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1942). Қазақстан ҒА-ның Тіл, әдебиет және тарих ин-тының қазақ филиалының аспирантурасында оқып, сонда кіші ғыл. қызметкер болды (1946-61). 1961-76 ж. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тында қызмет етті. Негізгі ғыл. еңбектері абайтану мәселелері мен қазақ әдебиетінің тарихына арналған. Шығ.: Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, А., 1950; Әдебиеттану терминдерінің қысқаша орысша қазақша сөздігі, А., 1962: Біржан сал Қожағұлұлы (өлендер жинағының ғылыми түсініктемелері). А., 1967.