БЕКІШЕВ Хакім Нұрғалиұлы (15.4.1910, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Жалтыр а. — 31.10.1989, Ал.маты қ.) – әскери қайраткер. Қазан ун-тін бітірген (1931). 1931—33 ж. Ашхабад қ-нда әскери борышын өтеп, 1933—35 ж. Қарағанды обл. ОСОАВИАХИМ кеңесінде ұйымдастыру бөлімінің бастығы болады. 1936—39 ж. Алматыдағы респ. әскери комиссариатта әскери дайындық бөлімінің нұсқаушысы, 1939—41 ж. Жамбьп обл. Сарысу ауд. әскери комиссариатының бастығы қызметін атқарған. 1941—44 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезінде 39-және 11-армиялардың құрамында соғысқан. 1944—45 ж. Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиянын тыңдаушысы, 1945—46 ж. Синьцзяньда 2-каватерия бригадасы командирінің орынбасары, 1946—56 ж. Солт. Қазақстан обл-ның Октябрь ауд-нда. Талдықорған обл-ның Қапал ауд-нда. Қарағанды обл-ның Осакаров ауд-нда әскери комиссариаттардың бастығы, 1956—76 ж. Солт. Қазақстан обл. Петропавл ет комбинатында азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, кейін өндірістік комбинаттың директоры, авиаэскадрильясының инспекторы, 1976—86 ж. Алматыдағы С.Мұқановтың музей үйінің директоры қызметтерін атқарған. “Батальон, аіға!” кітабының авторы. “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”, екі мәрте 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Ғ. Қадірәлі