БЕКДӘУЛЕТҰЛЫ Нияз (1818. СҚО қазіргі Жамбьп ауд. Гүлтөбе шатқалы — 1883. Ресей. Тюмень обл. Қарағай шатқалы) — әнші-композитор, ақын. Бала кезінде Қожаберген жыраудың медресесінде, кейін Новорыбин және Петропавл медреселерінде оқыған. “Сегіз сері және Патшайым” поэмасы мен “Нияз”, “Балқурай”, “Гүлдерайым”, “Ғазида”, т.б. әндердін авторы. Көптеген әнші-ақындар, сазгерлер Б-нан тәлім алған. Б. жайлы мәліметтер Сегіз сері. Біржан сал. Жаяу Мұса Байжанов. Нұржан Наушабаев шығармаларында. Т.Сүлейменов, Н.Әбугалиевтардың кітаптарында, қазақ әндерінің антологиясында кездеседі.
К. Биғожин