Бейсенов Аманжол Мұсайынұлы

БЕИСЕНОВ Аманжол Мұсайынұлы (10.1.1949, СҚО қазіргі Аққайын ауд. Шағалалы а.) — милиция ген.-майоры. КСРО ІІМ-нің Омбы жоғары милиция мектебін (1966—1970), КСРО ІІМ-нің академиясын бітірген. 1970—74 ж. Алматы обл. атқару к-ті ІІБ-ның тергеу бөлімінде тергеутиі. 1974—83 ж. Қазақстан ІІМ-нде: тергеуші, айрықша маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, бақылау-әдістемелік бөлімі бастығының орынбасары. 1984—89 ж. Соц. меншікті ұрлаумен күрес бөлімі бастығының орынбасары, Алматы қ-лық атқару к-ті IIБ бастығының орынбасары. 1991—92 ж. Соц. меншікті ұрлаумен күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрсс Бас басқармасының бастығы. 1993 ж ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары. Кадрлар және оқу орындары Бас басқармасының бастығы болды. 1995 жылдан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Одан кейін ҚР ІІМ академиясында, көліктегі Шығыс IIБ бастығы болып істеді. Қазір зейнеткер.

И.Зубарев