Беева Зинаида Сергеевна

БЕЕВА Зинаида Сергеевна (1936. СҚО қазіргі Айыртау ауд. Володаров с.) — қоғам және партия кайраткері. 1958 ж. Петропавл мұғалімдер ин-тын. 1970 ж. Петропавл пед. ин-тын (қазіргі Солт. Қазақстан мемл. ун-ті) және КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Мамлютка ауылындағы. Петропавл қ-ндағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1963 жылдан комсомолдық, кейіннен партиялық қызметтерде болған: Петропавл қ-лық комсомол к-тінде бөлім меңгерушісі, хатшы. Солт. Қазақстан обл. комсомол к-тінде бөлім меңгерушісі. Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауд. партия к-тінің хатшысы. Қазақстан Компартиясының обл. к-тінде бөлім меңгерушісінің орынбасары. Петропавл қ-лық партия к-тінің хатшысы. 1976— 89 ж. обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Б. құрметті зейнеткерлік демалыста болса да обл. ардагерлер к-тінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып тұрады, обл. сайлау комиссиясының хатшысы болып жұмыс атқарып келеді.

М. Мелехин