БАЗАРБАЕВ Ақмағамбет Базарбайұлы (5.6.1934. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Көктерек а. — 1987) — партия қайраткері. Ауыл ш. өңдірісін ұйымдастырушы. 1953 ж. Петропавл ауыл ш. техникумын. Целиноград ауыл ш. ин-тын (1969) бітірген. Еңбек жолын Октябрь (қазіргі Шал ақын) ауд. Ворошилов атынд. МТС-нда агроном болып бастаған. 1955—61 ж. “Заря” кеңшарында комсомол к-тінін хатшысы, Солт. Қазақстан обл. Октябрь ауд. комсомол к-тінің 2-, 1-хатшысы. 1967—72 ж. СҚО Возвышен ауд. Молодогвардейский атынд. кеңшардың директоры, 1972—80 ж. ауыл ш. басқармасының бастығы. Солт. Қазақстан обл. Халық депутаттары Мәскеу ауд. Кеңесінің атқару к-ті торағасының орынбасары, төрағасы, 1980—85 ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Целинный ауд. к-тінің 1-хатшысы, 1985—87 ж. обл. “Сельхозхимия” өндірістік бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мақтау қағаздарымен марапаттатған.