Балхашов Үмітбай Меңдекеұлы

БАЛХАШОВ Үмітбай Меңдекеұлы (12.1898, СҚО қазіргі Есіл ауд. Тауағаш а. — 2.7.1979, Алматы қ.) — Қазақстанда жоғары мектепті ұйымдастырушы педагогтардын бірі. Орынбордағы жұмысшы ф-тін. Ленин атынд. пед. ин-тты бітірген. Алматы пед. ин-тында (қазіргі Абай атынд. ҚазҰПУ) бөлім меңгерушісі, кейін осы оқу орнының директорының орынбасары. 1934—39 ж. Қазақ Журнатистика ин-тының директоры, 1939—41 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің “Большевистский агитатор” журналының Бас редакторы, 1941—42 ж. Қазақстан Респ. радио к-ті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2-дүниежүз. соғыста Қызыл армияның Бас саяси басқармасының үгіт-насихат бөлімінде қызмет етеді. 1946 жылдан Қазақстан ҒА Философия секторының меңгерушісі, кейін ҚазПИ мен ҚазМУ-де доцент. 1968—77 ж. 12 томдық “Қазақ кеңес энциклопедиясын” дайындауға қатысады. Б. 100-ден астам ғыл. және публицистикатық басылымдардың, оның ішінде “Диатектикалық материализм жөнінде”, “Қазақтардың XX ғ-дағы қоғамдық-философиялық көзқарастары” атты кітаптардың авторы. Ол Қазақстанда алғаш рет “Философиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігін” құрастырып, жарыққа шығарған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медалдермен марапаттатған.

Қ. Мұқанов