БАЙТҰСОВ Молдай Ысқақұлы (1917, СҚО қазіргі Мамлют ауд. Мамлют а.) — Соц. Еңбек Ері (1971). Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл ш. қызметкері (1970). Еңбек жолын 1930 ж. Петропавл ауд. Коминтерн (кейіннен XXII партия съезі атынд. ұжымшар) ұжымшарында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1934 жылдан сол ұжымшарда тракторшы, 1938 жылдан Петропавл ауд. “1-май” ұжымшарында егістік бригадасынын, трактор-егіс бригадасының бригадирі болды.