БАЕШОВА Ажар Қоспанқызы (1.6.1951, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Бағанаты а.) — ғалым, тех. ғыл. докт. (2002), Қожа Ахмет Иасауи атынд. Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінің проф. 1972 ж. Алматыдағы ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-тін), 1974 ж. ҚарМУ-дың (Е.Бөкетов атынд. Қарағанды мемл. ун-ті) аспирантурасын бітірген. 1974-91 ж. ҚарМУ-дың проблемалық зертханасында аға ғыл. қызметкер, органикалық емес химия кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарған. Б-ның ғыл. жұмыстары түсті. қиын балқитын металдардың және қышқыл мен сілтінің сулы ерітінділеріндегі халькогендердің электрхим. өткізгіштігіне арналған. 20-дан астам ғыл. Еңбектін, оның ішінде 8 оқу-әдістемелік құралдың және 2 монографияның авторы, бірнеше авторлық куәлігі бар.
Қ. Мұқанов