Бақшылов Темірболат Құрманғалиұлы

БАҚШЫЛОВ Темірболат Құрманғалиұлы (30.9.1928, Петропавл қ.) — ғалым. тарих ғыл. докт. (1990). Абай атынд. Қазақ пед. ин-тын (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1949). 1949-53 ж. Петропавл пед. уч-щесінде оқытушы. 1953—59 ж. Оңт. Қазақстан обл. халыққа білім беру бөлімінде инспектор, 1959—62 ж. Шымкент пед. ин-тында (қазіргі М.Әуезов атынд. Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) аға оқытушы болып қызмет істеген. 1962—64 ж. Ломоносов атынд. Мәскеу мемл. уи-ттің аспирантурасында оқыған. 1964—78 ж. КОКП тарихы кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі; 1980—90 ж. сырттай оқу ф-тінің деканы болды. 1990 жылдан М. Әуезов атынд. Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Шығ.: Партия ұйымдары және шығармашылық қауымның өндіріс жағдайында дамуы. А., 1978: Воспитание коммунистического отношения к труду, А.-А., 1986; Казахстан в начале XX в., Шымкент. 2002: Из истории промышленности Шымкентской области. Шымкент, 2003.

Н.Рысқулов