Бөкетов Ебіней Арыстанұлы

БӨКЕТОВ Ебіней Арыстанұлы (23.3.1925, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Бағанаты а. — 13.12.1983, Қарағанды қ.) — көрнекті ғалым, тех. ғыл. докт. (1967), проф. (1967), Қазақстан ҒА-ның акад. (1975). КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1974). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1950). 1951—53 ж. осы ин-ттың аспиранты. 1954—60 ж. сонда ассистент, кафедра доценті, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары. 1960—72 ж. Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия ин-тының директоры (Қарағанды қ.), 1972—80 ж. Қарағанды мемл. ун-тінің ректоры. 1980— 83 ж. Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия ин-тында аға ғыл. Қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1970 ж. Қазақ КСР ҒА-ның корр.-мүшесі болып сайланған. 1969 ж. Ғылым мен техника сатасындағы КСРО Мемл. сыйлығы берілді. Б. химия саласындағы жаңа бағыттың — халькогендер мен халькоге-нидтердің химиясы мен технологиясының негізін салған. Б. мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохим. әдістерін жасап. Д.Менделеев жасаған Элементтердің периодтық жүйесіндегі хим. элементтер аналогтарының жіктеліміне түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздан-дырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. 50 өнертабыстың, 10 патенттің иесі. Б., сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Эссе. Қ.Сәтпаев. М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Д.Менделеев туралы естеліктер жазған. “Шесть писем другу”, “Человек, родившийся на верблюде”, “Грани творчества”, т.б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің “Макбет”. У.Шекспирдің “Юлий Цезарь”, Дж.Флетчердің “Испанский свяшенник”, Д.Маяковскийдің “Клоп” атты еңбектерін, С. Есениннің өлендерін, И.Василенконың “Артемка” повесін. Э.Золдін әңгімелері мен мақалаларын аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттатған. Петропавл қ-ндағы бұрынғы Дмитриевская, Красноармейская көшелері қазір Б. есімімен аталады.

Шығ.: Извлечение селена и теллура из медеэлектролитных шламов. А.-А.. 1969 (соавт.); Гидротированная окись меди, А.-А., 1971 (соавт.); Технологические процессы шахтного обжига в цветной металлургии, А.-А., 1973; Гидрохимическое окисление халькогенов и халькогенидов. А.-А., 1975 (соавт.); Человек, родившийся на верблюде. А.-А., 1975; Грани творчества. А.-А., 1977. Әдеб.: Ибраев Б.. Петров Г.. Нор-ма конфликтности // Большая вахта, А.-А., 1976; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. А., 1999.