ҚАЗЫМБЕТОВА (Хасенова) Мараш Сұлтанғазықызы (24.7.1939, қазіргі Уәлиханов ауд. “Қызылту” кеңшары — 1.1.1999) — ғалым, химия ғыл. канд., донент (1983). Нью-Йорк Ғылым академиясының акад. (1997). Абай атын. Қазақ пед. ин-тын (1961), ҚазМУ-ды (1964) бітірген. 1967-83 ж. Қаз-МУ-да оқытушы болған. Қ. ғыл. зерттеуі фосфор өңдеуші кәсіпорында өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселелеріне арналған. Сұйық және қатты қалдықтарды регенерациялау (қайтадан өңдеп, бастапқы бұйым ретінде пайдалану) арқылы жаңа “дикальцийфосфат” тыңайтқышын алудың технол. регламентін жасады. Бұл зерттеудің жаңалығы КСРО-ның 3 авторлық куәлігімен және ҚР-ның екі патентімен қорғалғаң. Қ-ның 30-дан астам ғыл. еңбегі жарыққа шыққан.