Қасенұлы Малғаждар Мәлік

  ҚАСЕНҰЛЫ Малғаждар, Мәлік (1912, Солт. Қазақстан обл. М.Жұмабаев ауд., Ноғайбай (Қарашоқы) а. — 1959, сонда) — халық емшісі, палуан, домбырашы. Ата-бабалары діни қызметшілер. Оның әкесі Қасен қажы жоғары білімді адам болған: араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, оқу-ағарту ісіне көп күш жұмсаған. Қ. да діни білім алған. Сал-серілік, ақындық, муз. өнер мен суырып салмалылық жоғары бағаланатын ортала жүруі оның рухани өсуіне үлкен ықпал етті. Қ. өзінің атасы мен әкесінен халыкқық және шығ. медицинасының тәсілдері мен дағдыларын үйреніп, қарапайым адамдарды емдеген. Қ. өз заманыныда ауылдарда ұжым құру және жаппай ұжымдастыру саясатына қарсы болған. Көкшетау уезінде, Солт. Қазақстан және Омбы обл-рының ауылдарында болып, көптеген айтыстарға қатысып, палуандармен күреске шыққан. Сый-сияпаттар мен жүлдеге тіккен малды жеңіл алып, көбіне кедейлерге таратып беріп отырған. Халық оны “Мәлік бақсы”, “Мәлік палуан” деп атаған. Аштық және қолдан жасалған Голощекин нәубеті жылдары ауыл тұрғындарына барымтамен келген, заңсыз тәркіленген малды тартып әкеліп, қолынан келгенше көмектесіп жүрді. Сталин қуғын-сүргіні жылдары оның отбасын НКВД адамдары бірнеше рет тінтіп, іздерін аңдумен болды. Ол өзі тұтқынға түсіп қалмау үшін Есіл жағалауы мен Омбы облысының кең далалы өлкесінде және а-дарында жасырынды. Қ. қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерімен жақсы қарымқатынаста, ақын Мағжан Жұмабаевпен дос болды. Қ-нанан үш бала өрбіген, ұрпақтары қазіргі кезде Солт. Қазақстан обл-да және кіші ұлы Қайыржан, немересі Аманкөл Алматы қ-нда тұрады.

 Х.Баймен