Қарабасұлы Дәстем

ҚАРАБАСҰЛЫ Дәстем (1677, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Гүлтөбе елді мекені — ө.ж.б., РФ. Қорған обл. Петуховск ауд. Өзентат) — ақын, сазгер. Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы. Оны әкесі Самарқан медресесіне оқуға жіберген. Қ. халық арасында домбырамен ән айтып, сыбызғыда күй тартып, өлең-жыр шығарған. Сол үшін де оны “Дәстем ақын”‘, “әнші Дәстем”, “Дәстем сал”, “сері Дәстем” деп атаған. 17-ғ-дың аяғы мен 18-ғ-дың бірінші жартысында қалмақтарға қарсы ұрыстарға қатысқан. Қ. “Хан сұлтандар”, “Босқозыұлы Бокенбай”, “Дәстемнама” тарихи поэма-дастандарының, “Гүлжиһан”, “Майдан”, “Ақбоз ат” өлеңдерінің. “Шайқас”, “Жекпе-жек”, “Ақиық”, “Шыжым” күйлерінің авторы.

Әдеб.: Әбуталиев Н., Сегіз сері. А.. 1991; Сүлейменов Т., Сегіз сері. А., 1991; Әбуталиев Н., Ордабасы Қожаберген. Аіматы. 1993.

К.Бигожин