ҚАНТАЕВ Есілбай Елемесұлы (2.2.1940. Солт. Қазақстан обл. Сергеев ауд. Социал а.) — ауыл ша-н ұйымдастырушы. Еңбек жолын 1955 ж. тіркемеші. тракторшы, егістік бригадасының бригадирі болып бастаған. Өзінің күнделікті жұмысында ауылды дамытуға, жабдықтауға, әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2003 ж. зейнеткерлік демалысқа шықты. Қазіргі уақытта ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласады, ақсақалдар кеңесінің мүшесі. 6-шақырылған КСРО Жоғ. Кеңесіне депутат болып сайланған. Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, “Ерен еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалдерімен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына енгізілген.
А.Нұртазина