ҚАМБАРҰЛЫ Жанақ, Керей Жанақ (1760. Жамбыл ауд. Гүлтөбе а. – 1857, сонда) – суырып салма ақын. Бала кезінде Қожаберген жыраудың медресесінде оқып, соңынан Самарқан медресесін бітірген. Еліне келіп, өзі оқыған медреседе сабақ береді. Қ. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының ең көне нұсқасын, сонымен қатар “Ер Сырым”, “Қазақ ханы Ер Есім”, “Батыр Ақпамбет”, “Абылай хан” сняқты жырларды халық арасында орындаған. Оның көптеген өлеңдері сақталмаған. Тек ғана “Орынбайға арнауы” мен Түбек және Сабырбай айтысы ғана жеткен.
К.Биғожаұлы