АЛДАЙҰЛЫ ҚАРА БИ (17-ғ-дың 2-жартысында, қазіргі Жамбыл ауд. — 18-ғ-дың ортасы, сонда) — халқына танылған белгілі билердің бірі. Қожаберген жыраудың шәкірті. А.Қ.б. қазақ-қалмақ соғысының батыры. Үргеніш медресесінде парсы, араб, шағатай тілдерін үйреніп, рухани білім алған. Еліне оралған соң медресе ашып, бала оқытумен айналысты. Дау-дамайларға араласып, әділдігімен халық арасында беделге ие болған. Бидің балалары – Дос батыр, Жабай батыр. Жабайдың баласы атақты Тоқсан би кейіннен атасы туған Қарағайлы к-н иеленді. А.Қ.б. ашамайлы керей руынан. Оның ұрпақтары Солт. Қазақстан обл-нда және Ресейде тұрады.
К. Биғожин