«Алаштың Аяғаны»

2022 жылдың 30 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, кинорежиссер, актер, публицист Аяған Шәжімбаевтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Алаштың Аяғаны» атты еске алу кеші өтті.
Шараға ақын-жазушылар, журналистер, Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері, Аяған Шәжімбаевтың достары, ағасы Құдайберді Қуандықұлы, кітапхана оқырмандары қатысты.

 

 

 

 

 

Шараны жазушы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат жүргізді.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Аяған Шәжімбаевтың бірге оқыған сыныптас досы Есләмбек Бекмурзин оның адами болмысын әр қырынан суреттеді. Аяған халқымыздың, өнеріміздің мақтанышы, ол өте талантты болды, адал өмір сүрді, оның экрандаған дүниелері елдің тарихы, – деді.
Аяғанмен бір мектепте оқыған, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, денсаулық сақтау ісінің үздігі Марал Оспанова Аяған Шәжімбаевтың бала кезінен өнерге жақын болғанын, өзі 10-шы Аяған 8-ші сыныпта оқып жүргенде М.Әуезовтің 60 жылдығына «Абай» трагедиясынан екі көріністі қойылым қойып, Тәкежан ролін Аяған, өзі Ажар ролін орындағанын тілге тиек етті.

 

 

 

 

 

Журналист Қошан Қали Аяған Шәжімбаевтың журналистік қабілеті ерте оянғанын, мектеп бітіре салысымен, еңбек жолын облыстық «Ленин туы» газетінде бастағанын, сатираға ден қойғанын, түрлі жанрда шығарма жазғанын, киноның майталманы болғанын әңгімеледі.
Аяған Шәжімбаев атындағы әлеуметтік-мәдени танымдық «Алаш рухы» қоғамдық қорының жетекшісі, Аяған Шәжімбаевтың туған ағасы – Құдайберді Қуандықұлы талантты кинорежиссер, актер, публицист інісі Аяған Шәжімбаевтың шығармашылығына жан-жақты тоқталды. «Жансебіл» көркемсуретті фильмі екі халықаралық кинофестивальде Ашхабад – 92 «Күміс жарты Ай» жүлдесі – «Үздік режиссерлік дебюті» үшін, ал Тегеран – 93-те «Үздік ер адам рөлін сомдағаны» үшін халық әртісі Қасым Жәкібаевқа лауреат марапаты берілгені, алда талай кино түсіруді жоспарлағаны, бірақ оларды жүзеге асыруға кенеттен келген ажал бөгет болғанын өкінішпен еске алды. Шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шараға қатысушылар «Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги