Аяған Бүркітбай Гелманұлы

АЯҒАН Бүркітбай Гелманұлы (20.11.1954, қазіргі Есіл ауд. Ақтас а.) — тарихшы-ғалым, саясаттанушы, тарих ғьш. докт. (1996), проф. Абай атынд. Қаз-Пи-ді (қазіргі Абай атынд. Қаз-ҰПУ) бітірген (1979). 1979-90 ж. осы ун-ттің оқытушысы, доценті. ҚР Жоғары білім мин-нің жетекші ғыл. қызметкері, 1990—96 ж. ҚР Президент әкімшілігінің және Мин. Каб-тінің ақпарат қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996—98 ж. Қазақ заң ун-тінің сыртқы қарым-қатынастар орт-ның директоры. 1998— 2003 ж. Алматы қ-лық әкімдігі ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан “Қазақ энциклопедиясы” ЖШС-нің бас директоры. А. Қазақстан тарихын бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша талдап, баға беруде, өтпелі қоғамдағы саяси жүйенің қалыптасуы мен эволюциясын зерттеуде, бұрын белгісіз құжаттарды ғылыми айналымға қосуда үлкен еңбек сіңірген. Қазақтың кесек тұлғаларының өмірі мен саяси қызметтеріне мән беріп, терең ғылыми жұмыстар атқарған. Сондай-ақ орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арнап оқулықтар жазған, “Қазақстан” ұлттық (қазақша 5—8-томдар. орыс — 5-т., ағылшынша 1-том), “Тараз”, “Оңтүстік Қазақстан”, “Қызылорда” аймақтық энциклопедиялары сияқты іргелі басылымдардың жарық көруіне басшылық жасаған. Халқымыздың өткен өмірі, басына түскен қиыншылығы, тәуелсіздік үшін арпалысы көркем бейнеленген “Көшпенділер” фильмін түсіруде кеңесші бодған. Сонымен қатар ғалымның мерзімдік басылымдарда қазіргі заман ағымына,ұлт болашағына өз көзқарасын танытатын отты публицистикалық мақалалары жарияланып тұрады. Жапония, Түркия, Германия және Малайзия елдерінде ұйымдастырылған ғыл. симпозиумдарға қатысқан. 1994 ж. Монтерей Халықар. ин-ты. 2003 ж. Стэнфорд ун-тінің жанындағы Гувер мұрағатының шақыруымен бірқатар зерттеу жобаларын іске асырды. 2003 ж. ҚР Президенті Жарлығымен Ұлттық Кеңестің мүшесі болып тағайындалған. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл”, “Ерен ерлігі үшін” т.б. медалдермен марапаттатған.

Шығ.: Социология негіздері, жоғары оқу орындарына арналған оқулық. А.. 1993: Государство Казахстан; эволюция обшественных систем, А., 1993; Апогей и закат советского социализма, А., 1999; История Казахстана. А., 1993-2003; Қазақстан тарихы. 9 кл. оқулық, А., 2005, (теңавтор): Красные и герные. А., 2005.

С. Қалуов