«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі»

2022 жылдың 2 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі» атты әдеби кеш СҚО Полиция департаментімен бірге өткізілді.
Шараға ақын-жазушылар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, СҚО Полиция департаментінің , экономика тергеп-тергеу департаментінің қызметкерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кешті белгілі жазушы, журналист Жақсыбай Самрат жүргізді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Синбаева Гульфайраз Кенжеболатқызы ұлт ұстазы, үздік ойдың тұлпары, ақын, қазақ мысалының негізін салушы, аудармашы, түркітанушы, қазақ әдебиеттануының алып бәйтерегі, тіл тағдыры үшін тынбай еңбек еткен Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық руханиятымызға сіңірген еңбектері мен құнды мұралары туралы «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тақырыбында баяндама жасады. Орыс тілінде «Творчество Ахмета Байтурсынова в контексте эпохи и литературной традиции» тақырыбында баяндаманы М.Қозыбаев атындағы СҚУ Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ағыбаева Сабина Советқызы жасады.

Ахмет Байтұрсынұлының «Туған тілім» атты өлеңін СҚО Полиция капитаны Серік Әбілғазинов, «Досыма хат» өлеңін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті Диас Аяған жатқа оқып берді. Ақын Самрат Құскенов Ахмет Байтұрсынұлына «Арнау» өлеңін оқып берді.
СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Мақпал Жәменова мен Әсет Молдабаев қазақтың халық әні «Құсни Қорланды», Еркін Қабдулбариев «Отырар сазы» әнін тамаша орындап беріп, шараға жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының елге айтқан соңғы сәлемі «Термесі» тыңдалды. Слайд көрсетілді. Қатысушылар «Алаш арысы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги