ҚАБДУНАСОВ Шамшит (15.7.1917, қазіргі Шал ақын ауд. Ленин а. — Петропавл қ.) — партия және кәсіподақ қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1939 ж. Петропавлдағы веттехникумды, СОКП ОК жанындағы Лениндік курсты (1952) бітірген. Солт. Қазақстан обл. Қызылту ауд. шаруашылығында аға мал дәрігері болып жұмыс істеген. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ленинград әскери-саяси уч-щесінің курсанты, содан кейін рота командирі, атқыштармен біріктірілген батальонның командирі болған. Ауыр жараланып, мүгедек болып қалады да 1943 ж. Петропавл қ-на қайтып оралады. Мұнда Солт. Қазақстан мемл. жылқы фермасының директоры, жылқы өсіру жөніндегі обл. жер бөлімі бастығының орынбасары. 1947 жылдан бастап партиялық қызметтерде — Мамтют кеңшарының партиялық ұйымының хатшысы, Солт. Қазақстан обл. партия к-ті мал ш. бөлімінің нұсқаушысы. Ленин ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, Қазақстан КП(б) Петропавл ауд. партия к-тінің 1-хатшысы. 1954—68 ж. Ленин (қазіргі Есіл) ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1968—74 ж. Солт. Қазақстан обл. тұрмыстық басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Зейнеткерлікке шыққанға дейінгі еңбек еткен соңғы жылдары обл. коммуналдық-тұрмыстық өнеркәсіптер жұмысшыларының кәсіподақ к-тінің төрағасы болды. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 8 медалмен марапатталған.
М.Мелехин