АБДУЛЛИН Хамза Жармұхамеұүлы (10.2.1919, қазіргі М. Жұмабаев ауд. Ойқызыл шатқалы — 10.2.2001, Алматы қ.) — ақын. Алматы коммунистік журналистика ин-тын бітірген (1936). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Петропааі а. ш. техникумында, Омбы жүмысшы ф-тінде оқып. Петропавл мәдени-ағарту мекемелерінде қызмет істеген. 1940 ж. “Социалистік Қазақстан” газетінде бөлім меңгеруші болып істеп жүргенде армия қатарына алынып, әрекетті армиянын оңт. майданынла соғысқа қатысып, 1941 ж. тұтқынға түседі. Берлиндегі “Түркістан легионы” қүрамында “Жаңа Түркістан” журналының жауапты хатшысы қызметін атқарады. Тұтқындағы істері үшін 10 жылға сотталады. Азаттық алған соң Солт. Қазақстан обл. “Ленин туы” газетінде, Алматыда “Жаңа фильм” журналында еңбек етті. Бірнеше поэмалары және 2 өлеңдер жинағы жарық көрген. А. грузин ақыны Ш. Руставелидің “Витязь в тигровой шкуре” поэмасын қазақ тіліне аударған.
Б. Мұстафин