|

«Кітап кейіпкерлерімен кездесу»

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте 7-сынып оқушыларымен «Кітап кейіпкерлерімен кездесу» атты  іс-шарасы өтті. Кездесуде балалармен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» және Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармалары таныстырылды. Кітаптардың мазмұны айтылып, кейіпкерлердің мінезі мен істері туралы әңгімелестік. Оқушылардан шығарма бойынша сұрақтар сұралды, балалар белсенді жауап берді. Сонымен қатар олар кітап желісі бойынша қысқаша сахналық көріністер көрсетті. Соңында әр бала өзіне ұнаған шығармаға хат жазып, ойын білдірді. Бұл кездесу балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырырды десекте болады .

Похожие записи