«Заң мен тәртіп» – құқықтық сауаттылық негізі

«Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің 8–9 сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге Петропавл қаласының аға прокуроры Жұмабеков Асхат Болатұлы қатысып, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берді.

Кездесу барысында жауапкершіліктің түрлері, оның қай жастан басталатыны, құқық бұзушылықтың салдары және жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған буллинг мәселесі кеңінен талқыланды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен еркін пікір алмасты.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті!

Похожие записи