«Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны бойынша ақпараттық кездесу

17 қыркүйек күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы оқытушылары мен курсанттарына арналған «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында ақпараттық кездесу өтті.

Кездесу барысында кітапхана мамандары марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу шарттары және негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға марафонның жеке кабинетінде кітап оқып, оқылған шығарма бойынша қысқаша пікір қалдыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, кітап оқудың тұлғаның интеллектуалдық және рухани дамуына, білім көкжиегін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тигізетін маңызы сөз болды.

Кездесу соңында қатысушыларды республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысуға шақырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Похожие записи