Централизованная библиотечная система” КГУ “Кызылжарский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта”

«Кітап ұрпақтарды біріктіреді»
Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «Оқырман ұлт» жобасы аясында «Кітап ұрпақтарды біріктіреді» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Іс-шараның құрметті қонақтары аудандық кітапхана жанынан құрылған «НҰР» клубының мұшелері, ардагерлер хоры болды. Хор мүшелері орындаған әсерлі әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің көркін аша түсті.
Кітапханашы іс-шараны аша отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапхананың қоғамдағы рөлі және оқырман мәдениетін қалыптастырудағы орны туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар қатысушылар назарына қазақстандық және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне арналған басылымдар қойылған тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды.
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СолтүстікҚазақстаноблысы #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #Қазақстанкітапханалары #Қызылжарауданы #Қызылжараудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесі
https://www.facebook.com/share/p/1HTz2rNQWM

Оқитын ұлт бағдарламасы аясында Қызылжар орталық балалар кітапханасы «Кішкентайларға арналған үлкен әдебиет» атты ақпараттық минутканы өткізді.
Жас оқырмандар классик және қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармаларымен танысып, кітаптың адамды мейірімді, білімді әрі ізденімпаз болуға тәрбиелейтінін білді. Кездесу балаларға үлкен әдебиетке деген сүйіспеншілік алғашқы оқылған кітаптан басталатынын еске салды.
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #ҚызылжарАОҚ #Қызылжарорталықбалаларкітапханасы
https://www.facebook.com/share/p/1GGSbZ7giV

«Оқитын ұлт» жобасы аясында Якорь ауылдық кітапханасында ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбаевқа арналған «Абай мұрасы – асыл қазына» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№ 52 мекемесімен» бірлесіп ұйымдастырылды. Оған облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры Манара Қабай қатысты.
Қатысушылар үшін «Ғаламның жыр данасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Абайдың шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылық мұрасына қатысты әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып, оның даналық сөздерін еске алды және ақынның өлеңдерін оқыды. #ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #ҚызылжарАОҚ
https://www.facebook.com/share/p/194DUV3gU7

В целях реализации плановых мероприятий по программе «Читающая нация» и празднования Дня Абая Соколовская сельская библиотека провела литературную юрту «Абай в моем сердце», на мероприятии присутствовали члены совета ветеранов сельского округа. Библиотекарь ознакомила присутствующих с биографией и творчеством великого казахского поэта Абая Кунанбаева и его огромном вкладе в национальную литературу. В ходе мероприятия прозвучали стихи и песни на слова Абая, а также были прочитаны отрывки из знаменитых «Слов назидания», наполненных глубокими философскими размышлениями, жизненной мудростью и нравственными наставлениями. Оформленная к мероприятию книжная выставка «Строки рожденные душой» знакомила участников встречи с произведениями Абая Кунанбаева, литературой о его жизни и деятельности, а также трудами исследователей творчества поэта. #ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #ҚызылжарАОҚ #Соколоваулдықкітапхана

Оқитын ұлт» – рухани құндылыққа бастар жол!
«Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Қуаныш Берден Мағжан Жұмабаевтың рухын, сырын танытатын арнау жырын оқып, оқырман қауымға тарту етті.
📖 Кітап оқу – білім мен тәрбиенің бастауы, ал Мағжан поэзиясы – ұлт рухын ұлықтайтын асыл мұра. Осындай тағылымды бастамалар жас ұрпақты әдебиетке жақындатып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі.
Оқитын ұрпақ – ойлы ұлттың негізі! #ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СолтүстікҚазақстаноблысы #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #Қазақстанкітапханалары #Қызылжарауданы #Қызылжараудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесі
https://www.facebook.com/share/1CxUQ4kaeJ
