«Абай — дара, Абай — дана»

7 тамыз күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шараға қонақтарды ақынның өмірімен және шығармашылық мұрасымен таныстыратын «Қазақ халқының ұлы кемеңгері» кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Кештің модераторы белгілі журналист және жазушы, «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша өз тілшісі Самрат Жақсыбай Баянұлы болды.
Іс-шарада Ақан сері атындағы облыстық филармония күйші-домбырашысы Бәйімбет Кұбайдолланың орындауындағы Абайдың күйлері, жас ақын және кітапхана оқырманы Мөлдір Қыстаубаеваның орындауындағы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» сөзіне жазылған әндер, сондай-ақ Абайға арналған авторлық шығармалар орындалды.


Ақынның философиялық мұрасы туралы СҚО Құрметті азаматы Тілек Әбдірахманов, ақын және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Марал Оспанова, ақын Кирилл Филонов, оқытушы Ольга Петрова өз ойларымен бөлісті.
Кешке 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Әлішер Болатбайдың, сондай-ақ Абайдың өлеңдерін ұсынған «Тишина Закулисья» жастар театр студиясының қатысуы ерекше көңіл-күй сыйлады.
Залға зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, журналистер, жастар және кітапхананың тұрақты оқырмандары жиналды.


Кеш – сөздері бүгінде де жаңа ұрпаққа адамгершілік бағдар болып қала беретін ұлы ойшылдың есіне арналған құрмет кешіне айналды.

Похожие записи