Ұлы Отан соғысының 75 жылдығын атап өту аясында С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ондаған миллион фотосуреттер мен 1941-1945жж.  Ұлы Отан соғысына қатысушылардың майдандық хаттарын біріктірген -«Дорога памяти» атты бірегей мультимедиялық жобаға қатысуда.

Біз соғысқа қатысушылар туралы материалдарды жинақтау Орталығын құрдық.

«Дорога памяти» – ол әрбір Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы көпшілік қолжетімді деректер базасы.

Біздің мақсатымыз –  солтүстікқазақстандық Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы естеліктерді мәңгі есте сақтау.

Кез келген адам  Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе тылда жұмыс жасаған туыстары туралы фотосуреттер мен деректерді жібере алады, олар  мультимедиялық галереяға кіреді.

Архивтік құжаттар арақатынасын белгілеу мен жерлес соғысқа қатысушылардың тізімін жасаудың нәтижесі Ұлы Отан соғысына қатысқан 30 млн.астам солдаттар мен офицерлер жайлы, олардың арасында біздің солтүстікқазақстандықтар да бар, жазбалар болып табылады.

Бүгінгі күні деректер базасына 26 000 астам соғысқа қатысушы отандастар енгізілген.

Жобаға қатысуға шақырамыз. Біздің e-mail: nklib@mail.ru

Сайтқа сілтеме :   https://foto.pamyat-naroda.ru/