Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы

МҮСІРЕПОВ Ғабит Махмұтұлы (22.3.1902, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Ғ.Мүсірепов атынд. а. — 31.12.1985, Алматы) — жазушы, Қазақстан ҒА-ның акад. (1958), Соп. Еңбек Ері (1974), Қазақстанның халық жазушысы (1984). 1908-10 ж. ауыл мектебінде дәріс алып, діни сауат ашқан. Оқуын Қостанай у-нің Обаған болысындағы 2 кластық орыс мектебінде жалғастырған (1916-18). Пресногорьков жоғары бастауыш мектебінде оқыған (1921). Ауыл мектебіндегі әдебиет пәнінің мұғалімі Бекет Өтетілеуовтің әсер-ықпалымен әдебиетке ықыласы ауды. 1923-26 ж. Орынбордағы жұмысшы ф-тінде С.Мұқановпен бірге оқыды, онда С.Сейфуллинмен танысты. Омбы ауыл ш. ин-тын бітірген (1927). 1927-28 ж. Бурабай орман ш. техникумында оқытушы, Қазақ мемл. баспасының бас редакторы (1928-33), Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі (1933), «Қазақ әдебиеті” (1934), “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор. Қазақ Өлкелік к-тінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1936). Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937) қызметтерін атқарды. 1938-55 ж. бірыңғай шығарм. жұмыстармен айналысқан. “Ара — Шмель” журналының бас редакторы (1956-57), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1956-61, 1964-66), КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959-85) қызметтерін атқарды. 1958 жылдан КСРО Мин. Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемл. сыйл. жөніндегі к-ттің мүшесі болды. М-тің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 ж. Қызылорда қ-нда жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босандығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды. М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), т.б. әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. М. әр кезенде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады.

Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. М. қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. М-тің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүз. соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941-45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығарм. өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. “Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19-ғ-дағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту з-тының құрылуы, жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар — барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жанжақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды. “Оянған өлкенің” занды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билептөстеуі, сол тұстағы (19-ғ-дың соңы мен 20-ғ-дың басы) хатық тұрмысын тарихи тұрғыдан терен бейнелеуімен, Орт. Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады. Көлемді романдармен қатар М. прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “Автобиографиялық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), т.б. шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі. Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966. ҚР Мемл. сыйлығы. 1970) – классик. шығарма. Повесть М-тің шы-найы сөз зергері ретінлегі каламгерлік карымын. таіант куатын танытты. Қара созбен жазылған поэма іспетті бүл шығармала азаматтык ерлік пен акындык асыл өнер. адамгерші-лік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы. рухани әлемінің алу-ан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі («Ұлпан» романы. 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстет. әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым — ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, т.т.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына атынған 19-ғ-дын 2-жартысындағы қазақ хақының әлеум.-тарихи өмірі жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер. М-тің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), ‘”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), «Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесатары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фодьклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесатары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Виницкий театрынада және Мәскеу қ-ндағы театрларда, Франциядағы Нанси қ. театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қ-нда өткен театр фестивалінде 1-орын атды (1981). М. сондайақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. М. драматургиясы шиеленіскен әлеум. тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. М. – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық сонылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. М. 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. М-тің “Күнделік” атты кітабы жарық көрді (құраст. Ә.Нарымбетов). Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20-ғ-дың 20-жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеніне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет-кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда од әдебиет пен өнердің 20-ғ-дағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиц. тұрғыдан қарап, ғыл. топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын хатықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығарм. шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті. Көркем аудармада О.Генри. С.Тагарао. М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург, У.Шекспир, А.Островский, Ж.Мольер. Я.Галан, К.Симонов, А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн, т.б. қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды. М. белгілі ғалым Г.Ломидзе атап көрсеткендей: “Ол керемет дәлдікпен әрі үйлесімдітікпен жұмыс істейтін өте нәзік, өрнекті шебер. Мүсірепов қаламынан жанды бейне, тірі пішін сомдалып, ол суреттеген адам мінез-құлқы мен құбылыстарға кең тыныс, ауқымдылық тән” суреткер болды. М. – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдын 4 шітлесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, хатықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік к-тіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттын мазмұны мен көтерген келелі мәселесі М-тің қай кезенде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, коғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі. (1990 ж. Ғ.Мүсірепов атынд. респ. балалар мен жасөспірімдер театры “Бесеудің хаты”спектаклін қойды, пьеса авторы — Ш.Мұртаза, қоюшы-реж. Р. Сейтметов). М-тің қоғам қайраткері ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 ж. Қазақстан Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 ж. партия қатарынан шығарылды. Ол сондай-ақ Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы конференцияларының белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды. Жазушы бейбітшілік күрескері ретінде Алматы мен Мәскеуде ғана емес, Париж. Рим, Джакарта, Токио, Каир, т.б. қалаларда өткен хатықар. конференцияларда сөз сөйлеп, күрделі мәселелерді көтерді. Ол 5-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болған. 1974-75 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Қазақстан Мемл. сыйлығын (1970), Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. сыйлығын (1977) атды. 3 мәрте Ленин (1962, 1972. 1974), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медалдермен марапатталған. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында (2002) Солт. Қазақстан обл-ндағы бір ауданға. Астана қ-ндағы көшелердің біріне М. есімі берілді. Қазақ мемл. Балалар мен жас-өспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002). Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері (1982) және ҚазКССР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты.

Шығ.: Шығ. жин., 5 т., А., 1972-76; Черты эпохи, А., 1986; Әдебиет — кәсіп емес, өнер, А., 1987; Күнделік. А., 1997. Әдеб.: Омаров I., Әдебиет туралы ойлар, А., 1961: Ахтанов Т., Ғабит Мүсірепов, А., 1965; Әдібаев X., Талант, талғам, тағдыр, А., 1971; Жұмабеков С., Ғабит Мүсірепов, А., 1989; Әшімханова С., Мир Габита Мусрепова. А., 1999: Нұртазина Р., Ғ.Мүсіреповтың публицистикасы, А., 2000.

С.Махмұтов