«Жыр құлагері»

2024 жылдың 15 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, ақын, драматург, прозашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына арналған «Жыр құлагері» атты әдеби кеш өтті.

Кешті белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат және кітапханамыздың іс-шараларын ұйымдастырушы Елена Скакунова жүргізді.
Іс-шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, мектеп оқушылары, «Өрлеу» БАҰО АҚФ «СҚО бойынша КДИ» курс тыңдаушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Алғашқы болып баяндама жасаған ҚР Ұлттық ұлан академиясының тілдік дайындық кафедрасының оқытушысы Венера Зейнина Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына өте терең талдау жасады, келесі баяндамашы осы ҚР Ұлттық ұлан академиясының оқытушысы Жадыра Шакирбаева Ілияс Жансүгіровтің балаларға арналған өлеңдеріне, шығармашылығына ерекше тоқталды. Кітапханашы Кенжегүл Мәметова Ілияс Жансүгіровтің отбасы, шығармашылы туралы баяндады.

Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен «Ілияс әлемі» атты дәстүрлі 10-шы республикалық фестивальге қатысып жүлдегерлер атанған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері – Айгерім Бақыт І.Жансүгіровке Арнау өлеңін (2 орын иегері ), Гүлай Қалиханова І.Жансүгіровтің бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп, оқып берді (бас жүлде иегері). І.Жансүгіровтің «Райхан» пьесасынан үзіндіні бас жүлде алғандар – Гауһар Мүсілімова, Аяужан Асан, Нұрай Қалиханова, Ерлан Жұмахан өте шеберлікпен орындап беріп, шараға қатысушыларды таң қалдырды.

Шараға қатысушылар «Қазақ поэзиясының бәйтерегі» атты кітап көрмесін тамашалады.