Жаңасу ауылының тарихы

Алғашқы кезде бұл ауыл үш жерде қоныстанған. Бірінші қоныс – Алтыбай, екінші қоныс – Батырауыл, үшінші қоныс – Досжан деп аталған екен. Бұл қоныстарды біріктендіру саясатында 1929 жылы Жаңасу ұжымшары құрылды. Сол кездегі ұжымшар басқармасы – Жолдығарин Тыйыштықбай, мал шаруашылығы бригадирі – Қарабаев Қажымұрат, ТП бригадирі – Закириянов Тақым, есепші – Габбасов Есім, мұғалім – Сералина Апия, дәрігер – Ашім Ашо.

Мен өзім болсам, Аяқапова Нағима Баймағанбетқызы 1931 жылы СҚО Октябрь ауданы, Еңбек ауылында тудым. 1947 жылы 2 тамызда Жаңасу ауылына келін болып түстім. Сол кездегі ауылда 29 үй болатын.

1929 жылдан 1941 жылға дейін Жаңасу ұжымшары мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. 1936-1938 жылы астық мол болған, осы кез қариялардың есінде қалған.

Біздің елде жалғыз 1939 жылы Фин соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан – Ескендиров Қойлыбай.

1941 жылы біздің елге қайғылы оқиға келді, ол — Ұлы Отан соғысы. Біздің ауылдан қатысушылар саны – 31, одан қаза тауып белгісіз кеткендер саны – 18, қайтып оралғандар саны – 13.

Жаңасу ауылының ардагерлері

1941-1945 жыл

Рақышев Мәжкен, Закирьянов Тақым, Оразалин Рақымм (2 топ мүгедегі), Қарабаев Қаджымұрат, Сердалин Қазкен, Ахмеджанов Ахмедияр, Аяқапов Дәулетбай, Мұқажанов Қабдолла, Бекенов Нұрғази, Ахметов Рамазан, Жолдығарин Тыйыштықбай, Шәріпов Қабылқайыр (10 жыл түрме), Тоқышев Кәрім (неміс абағында болғаны үшін 5 жыл түрме).

1941-1945 жылдары қайтып оралмағандар

Алтыбаев Ж. 1906ж., Әмренов Ш. 1914ж., Аренов К. 1907ж., Анапин М. 1921ж., Байжолов К. 1907ж., Балгереев С. 1919ж., Смайлов Б. 1902ж., Садуов А. 1921ж., Садуов О. 1917ж., Тұяқов Б. 1902ж., Үмбетов М. 1910ж., Құдаспаев А. 1916ж., Тінапин М. 1917ж., Ескендіров Қ. 1917ж., Қайсенов Е. 1919ж., Шотпаев Қ. 1922ж., Шегіров Қ. 1921ж., Канапин Д. 1918ж.

Список

Павших воинов в годы Великой Отечественной войны  с. Жанасу 1941-1945 гг

1.      Смаилов Байпак – 1911 г.р Октябрьский райвоенкомат

2.      Найкин Мухамедия – 1920 г.р Октябрьский райвоенкомат

3.      Умбетов Мажит – 1918 г.р

4.      Умбетов Нурум – 1910 г.р

5.      Балгереев Сарбас – 1919 г.р

6.      Кайсенов Ескендир – 1919 г.р

7.      Тыналин Макен – 1907 г.р

8.      Амренов Кази – 1906 г.р

9.      Аренов Шауке – 1906 г.р

10.  Шегиров Капез – 1920 г.р

11.  Ескендиров Койлыбай – 1908 г.р

12.  Бекенов Сергази – 1906 г.р

13.  Алтыбаев Жагипар – 1908 г.р

14.  Байжолов Кожахмет – 1904 г.р

15.  Шотбаев Кайыржан – 1920 г.р

16.  Кудаспаев Айтпай – 1918 г.р

 

 

Труженники тыла с.Жанасу

1.      Канапина Кульсум

2.      Темирбеков Елепай

3.      Жолдыгарин Асаи

4.      Найкин Бисекей

5.      Шарипов Абулхайыр

   Соғыстан кейінгі жылдары Жаңасу ауылында қызмет еткендер:

Аяқапов Дәулетбай – тракторист ҰОС, Ахметжанов Ахмедияр – тракторист ҰОС, Закириянов Тақым – бригадир ҰОС, Бекенов Нұрғази – шофер ҰОС, Темірбеков Елепай – механизатор ҰОС, Шамбилов Ерғали – малшы, Шамбилов Куанке – механизатор, Сердалин Казкен – агроном, Карабаев Қажымұрат – мал шаруашылығының бригадирі ҰОС, Жолдығарин Тыйыштықбай – басқарма ҰОС, Рақышев Мәжкен – қой шаруашылығының бригадирі ҰОС, Шәріпов Қабылқайыр – малшы ҰОС, Мұқажанов Қабдолла – малшы ҰОС, Жолдығарин Құсайын – разно.раб.труд.армия, Шахметов Қаратай – разно.раб.труд.армия, Оразалин Рақым – секретарь, Ескендіров Куанышпай – шофер, Рақышев Қасым – шофер, Әбілқасов Қайыржан – К700, Темірбеков Аменке – механизатор, Жолдығарин Жұматай – механизатор, Жолдығарин Берік – шофер, Құсайынов Паселке – зоотехник, Рақышева Зейнұр – сауыншы, комбайншы, Қарабаева Мара – тракторист, комбайншы, Темірбекова Күлпаш – тракторист көмекшісі, Закириянова Ақбөпе – аспаз, Ахметов Масу – тракторист, Шахметов Қуаныш – малшы, Найкин Базерке – механизатор, Қайыржанов Амангелді – тракторист.

Туған жер — түп қазық

«Еңбек» кеңшары 1979 жылы Еңбек, Жаңасу, Ақсу ауылдарының бірігуінен құрылды. Осы уақытқа дейінгі аталған ауылдар ВКЛСМ-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың құрамында болды. Сол кездегі саясат — шағын ауылдарды жойып, жаңа поселкелер құру еді. Үш ауылдың құрып кету қаупі, сыртта үлкен қызметте жүрген жерлестерімізге ой салып, туған жердегі ауылдарды сақтап қалу үшін қолдау жасады.

Солардың бірі:

Кәкімбек Салықов

Ол тау-кен инженері, ақын, жазушы, композитор, ірі партия қызметкері. Сол кезде СОКП ОК аппаратында жұмыс істеді.

Сәлім Құрманғожин

Маман дипломат, сол кезде шетел министрлігінің аппаратында, қазіргі уақытта 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы өкілеттігінде елші.

Дегенмен кеңшар болса да, құрылыс жоқ еді. Басшы мамандарға үй болған жоқ, әлеуметтік мәдени құрылыстар салынбаған, облыстың партия комитеті және облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 12 ақпандағы № 3/46 шешіміне сәйкес «Союзцелинвод» трестінің жауапкершілігі артып, көмек көрсете бастады. Трестің қамқорлығының арқасында басшысы – Кеншібаев Қ.Б. кеңшарымызға құрылыс материалдарын, техникалар, электр жүйелерінің жабдықтарын, мал фермаларын құрылыс қажеттерімен қамтамасыз етіп, үлкен көмек көрсетті.

Кеңшардың орталығы Жаңасуда не бары 15 үй болған еді. Өркендету мәселесінде алға қойған міндеттер ең біріншісі — үйлер, басқа объектілер, жаңа мектеп салу болды.

Кеңшар бастығы – Жүсіпов Б.Қ, агроном – Ыбыраев С.Ы., бас инженер – Алпысов Ж., бас экономист – Әбдірахманов М.Т., бас зоотехник — Әділбаев Ж.Ә., бас мал дәрігері – Бекқожин Ш., бас бухгалтер – Кочеров В.И., профком – Мусин В.З., прораб – Жахин С.Ж., ауылдық кеңестің төрағасы – Ғабдуллин О. болып тағайындалды.

1980-1986 жылдар аралығында орталықта МТМ, құрылыс учаскесі, астық сақтау қоймасы, тұрғын үйлер, магазин, монша, жанармай қоймасы, 464 орындық орта мектеп, 300 орындық мәдениет үйі, 140 орындық балабақша, мал фермалары салынып, іске қосылды. Сол жылдары «Еңбек» кеңшары құрылыс жағынан, соц. объектілер және мал шаруашылығы бойынша аудандарда 2-3 орындар алып отырды. Жер егістігі 5000 гектарға дейін барған, мал фермасында 3800 мал басына дейін жеткен.

1991 жылы Кеңес үкіметі құлағаннан кейін мемлекетіміз экономикалық дағдарысқа ұшырады. Кеңшарлар қаржылай көмектен айрылды, басымызға қиын кез келді. Жаңа кезең елді біраз ойрандатты, елде салынған объектілер бұзыла бастады. Ең алдымен жерлер жеке меншіктерге берілді, елдегі мал фермасы толығымен жойылды, мәдениет үйі мен балабақша жермен-жексен болды. Халық саны 1988 жылы 580 адам болса, 1998 жылы 310 адам қалды.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алды. Алғашқы кезде қиын болды. Ал енді ел президенті Н.Ә.Назарбаев арқасында ауылымызда су көзі ашылды, кітапхана жұмысқа енді, дегенмен ауыл қазіргі кезде қиын жағдайда…

«Алтын алқалы» аналар

1.      Әбілқасова Дәмелі

2.      Қайыржанова Светлана

3.      Бекмағанбетова Бақыт

4.      Бегімбетова Рысты

5.      Закирьянова Ақбөпе

6.      Шамбилева Мағрипа

7.      Байсейітова Рахима

8.      Қожахметова Мағрипа

9.      Мусина Салтанат

10.Смайылова Сәруар

11.Қалиева Ермек

«Күміс алқалы» аналар

  1.      Темірболатова Балқия

2.      Темірбекова Салима

3.      Жолдығарина Жолбикеш

4.      Жолдығарина Сақыпжамал

5.      Ыбыраева Айжан