«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2021 жылдың 23 желтоқсаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Шолуды кітапханашы Марал Касенова жасады. Алғашқы таныстырылған кітап Әбіш Кекілбаев туралы Энциклопедия. Келесі таныстырылған кітаптар: белгілі қаламгер-журналист Бақытжан Кененұлының «Адам болу оңай ма» ғұмырнамалық роман мен – эссе атты кітап, Сағадиев Кенжеғали «Менің замандастарым», Болат Сұлтанов. «Дипломат. Ғалым. Директор» мақалалар,очерктер, сұхбаттар кітабы, Сабыр Мұрат. «Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы», Оразақын, Асқар. «Ауыл балалары мен қала балалары» Өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар кітабы, Свифт, Джонатан. «Гулливердін, саяхаттары» және Стивенсон, Роберт, «Қазына аралы» әңгімелер мен хикаяттар атты кітабы, Оразақын, Асқар. «Балалар әлемі», балаларға арналған өлендер, аңыз-ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО

#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы

#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу