«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2024 жылдың 4 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды (эфирге сілтеме).
Осы жолы шолуда Әлібек Сабырбаевтың 4 томдық шығармалар жинағы: «Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабы «Ашина түріктері», екінші кітабы – «Ноғайлы дәуірі» және үшінші кітабы «Арқаны игеру» («Сарыарқа»), төртінші кітабы «Шекті жазуы», Осы автордың «Еліне тұтқа болған хан Жәнібек», «Мамай: аңыз бен ақиқат» , «Алтын Орда» мұрагері» кітаптары және Серікбол Хасанның «Қаныш Сәтбаев кім?», «Әлихан Бөкейхан кім?» , «Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім?» атты кітаптарымен таныстырылды.