«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2024 жылдың 5 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Осы жолы шолуда Қами Нұрланның «Қыз Данайдың қырғыны», Әділбек Ыбырайымұлының «Күнге бет алған керуен», Қанат Нұрмахановтың «Жошы хан-көшпенді тайпаның ұлы» , Әмина Құрманғалиқызының «Әулет пен нәубет», Жылқыбай Жағыпарұлының «Қарасат», Ғалым Қалибекұлы мен Дүйсенәлі Әлімақынның «Қамшыгер», Мұрат Ілиясов пен Данияр Шалқаровтың «Ерлікке толы ғұмыр», Сейдахмет Бердіқұловтың «Шығармалары» , Илья Жақановтың «Інжу-Маржан», Мұхамеджан Етекбаевтың «Алатау ертегілері» атты кітаптарымен таныстырылды.