«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2023 жылдың 11 қазаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Шолуды осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова жасады. Осы жолы шолуда бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына арналған дипломат, шығыстанушы Қайрат Сәкидің «Сұлтан Бейбарыс» атты зерттеу кітабы, келесі таныстырылған кітаптар: белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» атты тарихи-философиялық дилогиясы, жазушы Тоқтар Мағзұмовтың «Алтай Алашы» атты деректі-көркем тарихи романы, Мұрат Сабырдың «Алтын Орда дәуірі: Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы, жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың аса көрнекті мемлекет және мәдениет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Комиссар Жүргенов» атты т.б кітаптар таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу