«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2023 жылдың 7 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Осы жолы шолуда қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың «Алақай, балақай» атты өлеңдер жинағы, Жаңабек Баққондыұлы Шағатайтың «Бірінші сыныптың баласы» атты кітабы, жазушы Зияш Төлеуованың «Көл жағалауындағы көмбе хикаят» атты замануи әдебиеті, жапонтанушы, журналист Шарафат Жылқыбаеваның«Көк бөрінің көзі». ІІ том. Жапон аңыздары мен мифтерімен өрілген көркем публицистика және басқа да авторлардың кітаптары таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги