«Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ұстаз-ағартушысы»

Қазақтың ұлттық мәдениеті мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген.  Сол сияқты  жаңа дәуірдегі ізгі педагогтар, қазіргі таңдағы заманауи ізгілік педагогикасының өкілдері өте көп. Қазақстанның ізілік педагогикасын классиктерінің  жарық жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин. Ұлы педагогты «Дала қоңырауы» деп бекер айтпаған. Оның әрбір өлеңі, әрбір әңгімесі ұлттық құндылықты дәріптейтін тағылымы мол шығармалар. Қазақ даласында «Қоңырау» болып білімге шақырған ұлы ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз.

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын ағартушылыққа, яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік, жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады. Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер  ашып,  қазақ балаларын озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Міне биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Мұндай айтулы датада біз жастарға Ыбырай Алтинсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын түсіндіріп және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы