«Туған жер» өлкетану порталы

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Туған жер” атты өлкетану интернет-порталы әзірленді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017-ші жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты өзінің мақаласында өлкетану бағытында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Тұңғыш Президенттің бұл бастамасын солтүстікқазақстандықтар бірауыздан қолдады. Нәтижесінде қасиетті қара шаңырақта тың сайт пайда болды. Интернет-портал арқылы кез-келген жан аққайыңдар өлкесінің тарихымен, табиғатымен және даму қарқынымен таныса алады. Сондай-ақ, өңірімізден шыққан белгілі адамдардың өмірі мен қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы