Тікелей эфир «Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2021 жылдың 30 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Шолуды кітапханашы Марал Касенова жасады.
Алғашқы таныстырылған кітап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әскери ғылымдары академиясының президенті, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі Абай Бөлекбайұлы Тасболатовтың «Генералдың бекзат болмысы» атты кітабы. Бұл жинағына мақалалары мен сұхбаттары, Парламент мінберінен жария еткен депутаттық сауалдары енген.
Келесі таныстырылған кітаптар: «Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті сақтау мен нығайту ауқымындағы ұлт-азаттық қозғалыстар» атты ұжымдық монографиялық кітап, «Нығмет Сәбитов: шығыстанушы, тарихшы-этнограф, библиограф» атты кітап, Бақытжан Кененұлы Әзірбаевтың «Ұлы дала жыршысы» атты монографиялық ой-толғау, эссе, пікірлер кітабы, келесі кітап қазақ журналистикасының жарық жұлдызы Бейсен Абайұлы Құранбектің әр жылдары газет-журналдарда жарық көрген сұхбаттары, ой-толғамдары мен журналистика табалдырығын аттаған жылдары жазған мақалалары топтастырылған «Парасат биігі» атты кітап, Көмек Ыбрайұлының «Шуақ» атты өлеңдер, жұмбақтар, мысалдар, аңыздар кітабы, Әбділдабек Салықбайдың «Айдана мен Ақжолтай» атты әңгімелер мен хикаяттар кітабы, Жаңабек Шағатайдың «Ауылдың кішкентай археологтары» кітабы, Нұрдәулет Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» атты хикаяттар, әңгімелер кітабы, жазушы Асхат Өмірбаевтың «Жас жүрек» атты кітабы.