Тікелей эфир «Спорт әлемі»

2021 жылдың 19 наурызы күні сағат 16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Спорт әлемі» тақырыбында спортқа дарыны бар  балаларға мамандандырылған Солтүстік Қазақстан мектеп-интернатын ұйымдастырушы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, КСРО-ның құрметті спорт шебері, Қазақстанның 1966-1970 жылдардағы чемпионы,  Қырғызстанның  1967 жылғы чемпионы, Өзбекстанның 1966-1967 жылдардағы екі дүркін чемпионы, жоғары санатты  оқытушы-жаттықтырушы Жамбыл Тасеменовпен кездесу өткізілді.