Тікелей эфир «Манаш Қозыбаев: уақыт және тұлға»

Атақты ғалым, тарихшы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапханамыздың ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирімізде «Манаш Қозыбаев: уақыт және тұлға» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Қазақстанның құрметті профессоры, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай академиктің өмірі, шығармашылығы, тұлға ретінде сіңірген еңбектері жайлы құнды деректермен бөлісті.
Біздің кітапханада оның шығармашылығы мен ғылыми еңбектерімен таныса аласыздар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #МанашҚозыбаевУақытЖәнеТұлға