Тікелей эфир «Ерлік ұмытылмайды»

2021 жылдың 14 сәуірі күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың тікелей эфирінде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясындағы алапат апатқа 35 жыл толуына арналған «Ерлік ұмытылмайды» атты Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлермен онлайн кездесу өтті.
Сол апат аймағын ізінше де, кейін де залалсыздандыруға біздің облысымыздан 4500-ге жуық адам қатысқан. Соның ішінде облыс бойынша 286 адам, қаламызда 120-сы ғана қалған.
Біздің шарамызға Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ардагерлер — Айжанов Жоламан Мұқанұлы, Төлегенов Қуандық Қамбарұлы қатысты.
Айжанов Жоламан Мұқанұлы 1986 жылы ең алғашқылардың бірі болып Чернобыльға барған ардагерлердің бірі, 2 топтағы мүгедек. Чернобыль атом электр станциясының 4 блогында терезелерді жабу жұмысымен айналысқан. 15 күн вахтада, 15 күн бөлімде жұмыс істеген. Бірақ «әттеген-айы» шақырылғандардың ешқайсысына радиация деген пәленің денсаулыққа келтірер кесапаты жөнінде алдын-ала мағлұмат берілмеген, тиісті қауіпсіздік ережелерімен таныстырылмаған.
Ардагер Төлегенов Қуандық Қамбарұлы ол кезде әскерде болып, 20 жасында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан. Қазір Чернобыльда болған көп кісілер жоқ. Тірі жүргендері бүгінгі күні бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер екенін айта келіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге тоқталды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ЕрлікҰмытылмайды